
Исаның атыменауруларыңнансауығыңдар
Көптеген адамдар Құдайдың ауруды жазуға құдіретті екенін білсе де, Оның өздерін сауықтыратынына кәміл сене алмайды. Сіз де осылай күмәнданатын болсаңыз, сіз бұл кітаптан Жаратушы Иенің сізді қаншалықты сауықтырғысы келетінін дәлелдейтін Киелі Жазбадағы аяттарды табасыз. Сіз сондай – ақ, Құдайдың белгілеген қағидаларын қолдана отырып аурудан қалай сауығуды білетін боласыз. Бұл қағидалар сізді таң қалдыруы мүмкін. Аурудан сауығу үшін мінсіз болып, еңбек сіңірудің қажеті жоқ екен. Құдай – Өз балаларын жақсы көретін, балаларына ең жақсыны тілейтін Әке болып табылады. Біздің денсаулығымыздың мықты болуы Оған өте маңызды.
Егер де сіздің балаңыз ауырып қалса және оны емдеуге мүмкіншілік болса, сіз міндетті түрде қолыңыздан келгенін жасайсыз. Ал Жаратушы Құдай бізге қарағанда ең жақсы ата-ана болып табылады. Ол Өз балаларын сауықтырғысы келеді және оған Оның құдіреті де жетеді.
Ол біздің өміріміздің жақсаруы үшін барлығын жасауға ұмтылады.

Неге, Құдайым, неге
Біз өз сұрақтарымызға жауап табудың əр түрлі амалын іздейміз. Алайда, ол жауапты білетін – жалғыз Құдай.